ҚАЗАҚСТАНДА ТЕҢІЗШІНІҢ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН БЕРУ ЖҮЙЕСІ СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАНДА ТЕҢІЗШІНІҢ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН БЕРУ ЖҮЙЕСІ СЫНАҚТАН СӘТТІ ӨТТІ

Қазақстанда теңізшінің жеке куәлігін жасау, беру және бақылау жүйесінің аттестациялық зерттеуі өткізілді (ТЖКб жүйесі). Оған ақапараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган тарапынан оң баға берілді. Осылайша ТЖКб жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

Қазіргі уақытта бұл жүйе арқылы 1193 құжат беріліп, 1231 тапсырыс қабылданды.

Теңізшінің жеке куәлігі теңіз кемесі бортында (әскери кемеден басқа) жұмыс істейтін немесе жүзу практикасынан өтетін жеке тұлғаға беріледі.

Теңізшінің жеке куәлігі 5 жыл мерзімге беріледі.