
Тиісті уағдаластық ТМД елдерінің құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласында нормативтік-техникалық базаны дамыту бойынша шағын комиссиясының мәжілісі шеңберінде қол жеткізілді.
Мәжіліс 2018 жылдың 15-16 тамызы аралығында Шағын комиссияның хатшылығы болып табылатын Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтында («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) өтті.
Іс-шараға ақпараттық модельдеуді ұлттық деңгейде енгізу саласында тәжірибе алмасқан Қазақстан, Ресей, Белорусь өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Ресейдегі ақпараттық модельдеудің дамуы туралы баяндамасымен Шағын комиссия басшының орынбасары, ФСО ФАМ ақпараттық-талдамалық және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Алексей Сидорин сөз алды, құрылыстағы баға белгілеудің экономикалық талдамасы мен әдістемесі басқармасының ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу бойынша топтың бастығы Екатерина Бурова, Белорусьтағы ақпараттық модельдеудің даму беталысы туралы айтып берді.
RedSys (Павел Миронов) және «ВЕРФАУ» АҚ компанияларынан шақырылған қатысушылар (Владимир Волкодав) нормативтік техникалық құжаттарды пайдалану кезінде жасанды интеллект қолдану және талаптар тексеруді автоматтандыру бойынша инновациялық ұсыныстарымен таныстырды.
Іс-шараның қорытындылары бойынша мәжілістің қатысушылары атқарушылық модельдерді қалыптастыруға қатысты (тапсырудың уақыт тәртібі, пішімге қойылатын талаптар және т.б.) мәселелерді әрі қарай пысықтау және талқылау қажет деп шешті. Сондай-ақ жұмыстар мен бұйымдардың құнын қалыптастыру үшін ірілендірілген сметалық нормативтік құжаттардың қажеттілігі туралы мәселелер қарастырылды.
Шағын комиссия ТМД қатысушы елдерінің құрылыс кешеніндегі техникалық реттеу мәселелері бойынша Базалық ұйымының негізінде құрылғанын еске саламыз.



