ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ СЕЙСМИКАҒА ТӨЗІМДІ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ СЕЙСМИКАҒА ТӨЗІМДІ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСАДЫ

Семинар аясында жетекші сарапшылар ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикаға төзімділігіне қатысты соңғы әзірлемелерін ұсынады.

Токио технологиялық институтының, Жапония сейсмикалық оқшауландыру қоғамының (JSSI)  мамандары Жапониядағы құрылысты реттейтін «Жер сілкінуге тұрақты құрылыс» Заңы туралы баяндамасын ұсынады. Сейсмикалық оқшауландыру ғимараттарына байланысты сарапшылар Жапониядағы жобалау рәсімі саласындағы тәжірибесімен бөліседі.

Өз кезегінде, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның мамандары құрылыстық құрылымдар мен материалдарының вибродинамикалық сынақтары, негіздемелер мен іргетастарды күшейту әдістері туралы баяндамаларын ұсынады. Сондай-ақ сейсмикалық оқшауландыру материалдары туралы баяндайды. Құрылыстағы еуропалық нормаларға (еурокодтарға) ерекше көңіл аударылатын болады. Қазақстандық сарапшылар еурокодтардың ұлттық қосымшаларына  әзірленген және бейімделген жаңа нормативтік құжаттары туралы айтады.

Семинарға:

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның сарапшылары,

Mr.Akio Mizutani Халықаралық құрылысты талдау жөніндегі директоры, Құрылыс мәселелері бойынша басқармасы, Тұрғындық бюросы, МЛИТ,

Prof., Akira Wada Профессор, Токио технологиялық институтының құрметті профессоры, Жапония сейсмикалық оқшауландыру қоғамының (JSSI) президенті,

Prof., Masaru Kikuchi Инженерлік факультеті, сәулет-құрылыс жобалау факультеті,  Хоккайдо университеті,

Prof., Taiki Saito Сәулет және азаматтық құрылыс департаменті, Тоёхаши технологиялық институты,

Mr.Kenji Sawada Жапония сейсмикалық оқшауландыру қоғамының (JSSI) атқарушы директоры қатысады.