АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС САЛУДАҒЫ ЖЕЛ РЕЖИМІНІҢ АУЫТҚУЫНА ҒИМАРАТТАР ЕНІНІҢ ӘСЕР ЕТУІ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС САЛУДАҒЫ ЖЕЛ РЕЖИМІНІҢ АУЫТҚУЫНА ҒИМАРАТТАР ЕНІНІҢ ӘСЕР ЕТУІ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ

ҒЗЖ-ның нәтижелері осы ғылыми жұмыстың бастамашысы болып табылатын Сәулет және қала құрылысы басқармасының отырысында Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелерінің қатысуымен ұсынылды және талқыланды.

 ҒЗЖ аясында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның сарапшылары мен қалалық құрылыс салудың ауа жіберу саласындағы әлемдік тәжірибесі зерттелді, теориялық және практикалық зерттеулер, оның ішінде CFD талдау әдістерін қолданумен бірге сандық эксперименттер жүргізілді.

«Әдеби дереккөздерінен алынған цифрлық есептеу модельдеріне және эмпирикалық деректеріне сәйкес ғимараттың ені желдің ығы аймағының жалпы ұзындығына аз деңгейде ықпал етеді. Ғимарат енінің белгісі құрылыс салудың ішінде (аулаларда және жақын жердегі аумақтарда) қолайлы жел режимін жасауға әсері бар және ауа массаларының жел ығынан тыс алдағы өтуіне әсер етпейді», - деді ҒЗЖ-ның нәтижелерін «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры, техникалық ғылымдарының кандидатыАлександр Шахнович.

Зерттеуден қала орталығында ауа массаларының орнына «жылу аралдарының» және қалалық құрылыс салудың конвекциялық әсерінің әлдеқайда жоғары маңызы бар екендігі белгілі болды.

Александр Шахнович жүргізілген зерттеулердің алдын ала алынған нәтижелеріне сәйкес, тұрғын үй кешенінің құрылыс салу мен конфигурациясының қарастырылып жатқан шарттарында  Әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай орналасқан 15 метрге тең ғимаратардың ені қаланың ауа жіберуіне құрылыс салу ықпалының деңгейін анықтайтын негізгі факторы емес екендігін түсіндірді.

Осыған байланысты, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде Алматы қаласының түрлі бөліктеріндегі ғимараттардың еніне шек қоюға және меридиональді орналастыруға қатысты талаптарын негіздеу мақсатында жел тармақтарын есепке ала отырып, бұл бағытта алдағы зерттеулерді жүргізу ұсынылған болатын.   Құрылыс салу конфигурациясының мәселесін конвекциялық әсерлердің және басым желдердің бағытын есепке ала отырып, құрылыс салудың есептеу модельдерінің негізінде жасау қажет.

Алматы қаласындағы Қоғамдық кеңес отырысының барысында мына ұсыныстар мен ескертулер айтылды:

- Жұмыс Алматы қаласына өзекті болып табылады.

- Ауқымды және қиын жұмыс жүргізілді, осы ғылыми зерттеудің мәселесі жан-жақты зерттелді. ҒЗЖ оң бағаға лайық.

- Ұсынылады

a) жұмысты құптауға;

b) ғимаратың ені (15 метр)  және оның ауа ағынын өткізуге меридиональді орналасуы және қалалық құрылыс салудың жел режимінің ауытқуы сияқты факторларының жетіспеушілігіне қатысты ҒЗЖ-ның нәтижелерін бекітуге;

c) жұмысты алдағы зерттеулер үшін алғашқы кезеңі ретінде ұсынуға;

d) барлық қала бойынша желдердің күшін және бағытын есептеуге арналған тетіктерін орналастыру жолымен тексерілетін аумақтар санын көбейтуге;

e) алдағы қалалық құрылыс салуды жобалау кезінде шешімдерді қабылдау үшін негіздеме болатын Алматы қаласының ауа жіберу картасын жасауға;

f) осы бағыттағы алдағы жұмыстаррды жүргізген кезде айтылған ескертулер мен тілектерді есепке алуға.

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі отырысында баяндамаларын: Ш.И. Ильясов, С.Н. Мартемьянов, Б.А.Ибраев, Н.ТУранхаев ұсынды.

ҒЗЖ туралы есеппен және таныстырылым баяндамаларымен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның сайтынан танысуға болады.