АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СОРҒЫ ЖАБДЫҒЫН ШЫҒАРАТЫН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КЕШЕН АШЫЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА СОРҒЫ ЖАБДЫҒЫН ШЫҒАРАТЫН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КЕШЕН АШЫЛДЫ

WILO компаниясы Қазақстан нарығында 19 жыл жемісті жұмыс атқаруда. Қазақстанның инфрақұрылымы үшін энергияны үнемдейтін шешімдер мен технологияларды ұсынып келеді. «WILO Central Asia» кешені STKZ брендімен жабдықтап қана қоймай, сондай-ақ оқу-сынау орталығы қызметін де атқарады.

Ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Wilo SE директорлар кеңесінің төрағасы Оливер Гермес және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров сөз сөйледі.

Е.Хаиров 2005 жылдан бері 270 миллиард АҚШ долларынан астам шетелдік инвестиция тартылғанын атап өтті. Оның ішінде Германиядан тартылған инвестициялардың орны ерекше. Мәселен, 2005 - 2018 жылдар аралығында 4,3 млрд. доллар инвестиция тартылды. Трасұлттық компанияның қатысуымен жалпы құны 12 миллиард доллардан асатын 18 жобаны іске асыру жоспарланған. Айта кету керек, Германия Қазақстанның ірі инвесторларының бірі болып саналады.