
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, сонымен қатар Қазақстан және Ресей арасындағы өзара экономикалық іс-әрекеттерінің перспективаларын талқылады.
Өз сөзінде А.Бородавкин Ақтау қаласында өткен Саммитте қол қойылған құжаттың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, 2018 жылдың қыркүйек айында Қазан қаласында өтетін Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы және Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Д. Медведевтің Қазақстанға ресми іссапары шеңберінде маңызды құжаттарға қол қойылатынына сенімін білдірді.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек Министрлік құзыретіндегі барлық салалар бойынша Ресеймен екі жақты ынтымақтастықты ары қарай тереңдетуге дайын екендігін атап өтті.

