
Бұл жобалардың геологиялық барлау кезеңіндегі инвесторы «Rio Tinto» компаниясы. Аталмыш нысандарды игерудің әрі қарайғы жоспарлары мен перспективалары туралы «Rio Tinto» компаниясының Африка-Еуразия өңірлерін геологиялық барлау жөніндегі директоры Кен Тейнтон және Орталық Азия мен Еуропадағы геологиялық барлау жөніндегі директоры Гари Ходгкинсон толық таныстырып өтті.
Бүгінгі таңда осы жобаларда тарихи деректерді жинақтау және жаңалау бойынша, масштабтық аумақтық аэрогеофизикалық және жердегі геофизикалық зерттеулерді жүргізу, карталау бағдарламалары және геохимиялық сынамалау аяқталып, бұрғылау бағдарламалары басталды. Сондай-ақ, учаскенің үш қабатты моделін тұрақты айқындау жұмыстары жүргізілуде.
Іс сапар кезінде сала басшылары Қорғантас учаскесінің негізгі лагеріндегі керн сақтау орны мен Балхаш-Сарышаған жобасындағы бұрғылау алаңдарына барды.
Сондай-ақ, технология трансфері мен «Қазгеология» ҰК» АҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.

