«ТКШ ҚАЗОРТАЛЫҒЫ» ЖӘНЕ «ТЕХНИКОН» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СУМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ МҮМКІНДІГІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«ТКШ ҚАЗОРТАЛЫҒЫ» ЖӘНЕ «ТЕХНИКОН» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СУМЕН ЖАБДЫҚТАУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ МҮМКІНДІГІН ТАЛҚЫЛАДЫ

«Техникон» компаниясы сумен жабдықтау тәртіптемелерін оңтайландыру және энергияны үнемдеудің маңызды әсерімен сорғы жабдықтарын пайдалану үшін мониторинг пен үдерісті басқаруды қоса алғанда, қалалық сумен жабдықтауды басқарудың инновациялық жүйесін ұсынды. Негізгі міндет - электр энергиясын тұтынуды азайту, сорғы мен басқа жабдықтар үшін автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу арқылы сумен жабдықтау жүйесіндегі ағып кету мен техникалық қызмет көрсету шығындарын азайту, қызметкерлерді қысқарту және қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды азайту.

«Техникон» компаниясы директорының орынбасары Евгений Клебановтың айтуынша, бұл жүйені енгізу энергия тұтынуды 57% -ға, ағып кетуді 11% -ға, құбырлардың жарылуын 9%-ға азайтуға, ал  жұмыс ресурсын  30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Осындай нәтижелерге жүйені енгізу мен пайдаланудағы 10 жылдық жұмыс тәжірибесіне негіздеген 100% ықтималдылықпен кепілдік бере аламыз. Ол Белоруссияның су арналарында кеңінен қолданылады және өз тиімділігін ақтап шықты. Бүгін біз өнімімізді таныстырдық, Қазақстанның су каналдарында оны пайдаланудың техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерін талқыладық. Әрине жүйені енгізу аспаптық энергетикалық аудитке негізделген экономикалық дәйектеменің кезеңін қамтиды және бұл шешімнің ажырамас бөлігі болып табылады», - деп атап өтті Евгений Клебанов.

«ТКШ ҚазОрталығында» айтылғандай, қазіргі уақытта Қазақстанда ТКШ секторына жаңа технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде.

«ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсыруымен «ТКШ ҚазОрталығы» Қазақстанның инфрақұрылымдық және тұрғын үй кешенінде инновацияларды енгізуге арналған едәуір оңтайлы нұсқаларды табу үшін белсенді түрде жұмыс жасап келеді. Біздің мамандар Германия, Франция, Жапония, Финляндия және басқа елдердің ең озық шешімдерін талдайды. Бүгін Беларусь әріптестер өздерінің тиімді технологияларын көрсетті және біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешенін дамыту үшін оның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында жемісті бірлескен ынтымақтастықты асыға күтеміз», – деп атап өтті «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары  Әділхан Өмірбаев.

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар ынтымақтастықты дамытудың алдағы қадамдарын анықтады. Атап айтқанда, Қазақстанның су арналарының бірінде пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді. Оның барысында ұсынылған шешімнің тиімділігі расталатын болады және жобаны одан әрі дамытудың қадамдары нақтыланды.

Анықтама үшін:

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ ҚазОрталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

 

«Техникон» компаниясы 20 жыл бойы технологиялық үдерістерді, өндірісті, жабдықтарды және жобалауды  автоматтандырумен айналысады. Осы уақыт ішінде бұл салаларда 6000-нан астам жоба жүзеге асырылды. «Техникон»  өзінің тапсырыс берушілеріне өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларына ақылды әрі ауқымды шешімдер, сондай-ақ Mitsubishi Electric автоматтандыру құралдарын және меншікті бағдарламалық өнімдерін ұсынады.

 

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ баспасөз қызметі: Кәрібжанова Алтынай, +7-7172-999449 (ішкі1229), a.karibzhanova@zhkh.kz