АЛМАТЫДА OBI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕЛІСІНІҢ ГИПЕРМАРКЕТІН ІСКЕ ҚОСУДЫҢ АРҚАСЫНДА 200-ДЕН АСТАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

АЛМАТЫДА OBI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕЛІСІНІҢ ГИПЕРМАРКЕТІН ІСКЕ ҚОСУДЫҢ АРҚАСЫНДА 200-ДЕН АСТАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

Гипермаркеттің ашылуына Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысты. Қазақстандық нарықта белгілі франшизаны  Asadel Retail компаниясы ұсынады.

Компания жоспарында – Қазақстанда тағы 5 OBI гипермаркетін салу бар. Asadel Retail басшысы Ерлан Сейсембаев атап өткендей, «Алматы мен Астана – бірінші кезекте тұр, одан әрі ірі өңірлік нарықтарға кіруді жоспарлап отырмыз. Соңғы оқиғалар аясында өңірлер арасында Шымкент, сондай-ақ Қарағанды мен Атырау көш бастауда».

OBI –   DIY  («Өзің жаса») форматындағы халықаралық гипермаркеттер желісі. Ол үй және бақша шаруашылығын жөндеу және абаттандыру үшін тауарлардың кең ассортиментін қамтиды.    Алғашқы  OBI   Гамбургте (Германия)   1970 жылы ашылды, қазір желінің Орталық және Шығыс Еуропада, Ресейде 650-ден астам гипермаркеттері бар.   Енді Қазақстанда да жұмыс істейтін болады.