МӘЖІЛІС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢСЫЗ АКТІЛЕРМЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯНЫ РАТИФИКАЦИЯЛАУДЫ МАҚҰЛДАДЫ

МӘЖІЛІС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢСЫЗ АКТІЛЕРМЕН КҮРЕС ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯНЫ РАТИФИКАЦИЯЛАУДЫ МАҚҰЛДАДЫ

Министрдің айтуынша, ұсынылып отырған Заң жобасы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 38-ші сессиясының шешімін жүзеге асыруға бағытталған. Ол барлық ИКАО-ға мүше мемлекеттерді осы Конвенцияға қол қоюға және ратификациялауға шақырады.

«Бұл жобаның мақсаты азаматтық авиация саласында заңсыз әрекеттер жасаған тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік тағайындау. Олар: әуежайда және ұшып келе жатқан әуе кемесінің бортындағы адамға қатысты зорлық-зомбылық актісін жасаса; бұзатынжәне істен шығаратын құрылғыны немесе затты әуе кемесінің бортынаорналастырса; кемені пайдалана отырып жарылғыш заттарды, химиялық, биологиялық, уландыратын, радиоактивтіматериалдарды тасымалдаса және тастаса; ұшу кезінде әуе кемесін жою; әуежайдағы жабдықтарды бұзса және зақымдаса; жалған мәліметтер хабарлап, әуе кемесінің қауіпсіздігіне қатер төндірсе; аэронавигациялық құралдардың зақымдануы; әуе кемесін қару ретінде қолдану және тағы басқалар», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Қазақстанның қылмыстық кодексінде аталған актілер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бұл ережелерді қабылдау Біріккен Ұлттар Ұйымы  Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмге қарсы іс-қимылына қатысты талаптарын қанағаттандыруға, сондай-ақ азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерге тиісті деңгейде жауап беруге мүмкіндік береді.

Фото ашық ақпарат көзінен