«KAZAKH INVEST» ҰЛЫБРИТАНИЯ МЕН ИРЛАНДИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІМЕН БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

«KAZAKH INVEST» ҰЛЫБРИТАНИЯ МЕН ИРЛАНДИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІМЕН БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

Лондонда Рустам Исатаев Халықаралық сауда департаментінің өкілі Эндрю Кейрмен кездесті. Бұл ұйым Біріккен Корольдігінің және ЕО кірмейтін елдердің арасындағы сауда келісімдерді жасау және кеңейту үшін жауапты, Ұлыбританияның үкіметтік департаменті болып табылады. Тараптар Қазақстан аумағында инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкіндігін талқылады.  

Бұдан басқа, банктер үшін сақтандыруды және кепілдіктерді ұсыну жолымен экспортерлер мен инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсететін   UK Export Finance басшылығымен кездесу болды. Кездесуде UKEF желісі бойынша қаржыландыруды тарту мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар, Дублин қаласында «IDA Ireland» ирландиялық мемлекеттік агенттікпен инвестицияларды тарту жөнінде кеңес беру және тәжірибе алмасу өтті. 1949 жылы құрылған IDA әлемнің барлық континенттерінде 28 кеңсесі бар, ол Ирландияға шетел инвестицияларын тартумен айналысады. 

Бұл кездесулер 2018 жылдың 2 қазан айында Лондонда өтетін, Kazakhstan Global Investment Forum-ына дайындалу шеңберінде ұйымдастырылды деп атап өту керек. Форумға өңірдің ең ірі компанияларының 150-ден артық басшылары жиналады.