
Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 522-ге артық. Әуе қозғалысының көлемі 5,87%-ға артқан. Қазақстандық әуе компаниялар 66 489 рет, ал шетелдік әуе компаниялар 105 356 рет ұшқан.
Әуе қозғалысы көлемінің артуы Қазақстанға қонатын шет мемлекет әуе кемелерінің чартерлік рейстерін қоспағанда, ұшудың барлық санаттары бойынша және қазақстандық әуе компаниялардың ішкі чартерлік рейстерінде де байқалады.
Біздің әуе кеңістігіміз арқылы 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында тұрақты транзиттік ұшулар саны 76431-ге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5328-ге (+ 7.49%) артық. Шетелдік әуе компанияларының чартерлік ұшулары +18,89%-ды құрады (2017 жылы 6 621 рейстен 2018 жылы 7 872-ге дейін). Транзиттік қозғалыстың артуы шетелдік әуе компаниялардың тұрақты рейстерінің жиілігінің көбеюімен байланысты. Қазақстанның аэродромдарына қонған шетелдік әуе компаниялардың тұрақты рейстерінің орындалу саны 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында 15 221-ге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 354-ке (+ 2.38%) артық.