
Онда тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік және транзиттік-логистикалық ынтымақтастық, Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара экономикалық іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Қазақстан тарапы қытайлық серіктестерін инвестициялық преференциялар мен үйлесімді жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпараттандырды.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өзара саудадағы өсімді атап өтіп, министрлік құзыретіндегі барлық салалар бойынша Қытаймен екіжақты ынтымақтастықты ары қарай тереңдетуге дайын екенін жеткізді.
Еске сала кетейік, 2017 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда айналым 30%-дан асып, 10,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

