АВТОЖОЛШЫЛАР КҮРДЕЛІ ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛҒАН АДАМДАРДЫ БІРЛЕСІП ҚҰТҚАРУ ЖАТТЫҒУЫН ӨТКІЗДІ

АВТОЖОЛШЫЛАР КҮРДЕЛІ ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛҒАН АДАМДАРДЫ БІРЛЕСІП ҚҰТҚАРУ ЖАТТЫҒУЫН ӨТКІЗДІ

Аталған іс-шараға Қазақстан тарапынан қатысушылар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Төрағасы Мереке Пішембаев, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің орынбасарлары, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалдарының, «Қазақавтожол» ЖШС, «Облжолзертханасы» РММ, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ аймақтық бөлімшелерінің өкілдері және тағы басқалар қатысты.

Ресей тарапынан Ресей Федерациясы Көлік министрлігі «Росавтодор» Федералды жол агенттігінің Басшысы Роман Старовойт, сонымен қатар, Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин, ФММ жол басқармасы Ресей Федерациясының 34 аймақ өкілдері, сонымен бірге Ресей ТЖМ және ІІМ аймақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Барлық мүдделі ұйымдар мен қызметтердің, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қауіпсіз және кедергісіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттер шекарасындағы бірлескен іс-шараларға куә болды.

Жаттығуда жабдықтар, құтқару техникалары, мобильді штаб-пәтер және тағы басқа да құтқару құралдары сыналды. Бұл сынаққа арнайы келген қонақтар да қатысты.Арнайы штаб-пәтерде қысқаша баяндамалар тыңдалып, екі елдің төтенше жағдайлар кезінде диспетчерлік қызметінің қалай жұмыс жасайтыны туралы бейне роликтер көрсетілді. Оған ФММЖол басқармасы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС, РФ ТЖМ және ІІМаймақтық бөлімшелеріжәне т.б. қатысты.

Көрсетілім алаңында жолдардағы төтенше жағдайларды жою бойынша өткен жаттығулар аясында тәжірибелік көрсетілімдер ұйымдастырылды.Оқу-жаттығуда«Каспий» ФММЖол басқармасы,және «Қазақавтожол» ЖШС,РФ ТЖМ және ІІМаймақтық бөлімшелері синхронды және жүйелі іс-қимылдардыкөрсетті.Оқу-жаттығу қорытындысында қатысушылар құрмет грамоталарымен және дипломдармен марапатталды.

Жалпы алғанда, жаттығуға қатысушылар түрлі көліктермен жол-көлік апаттарынан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша бірлескен іс-шаралар кешенің өткізудің маңыздылығын көрсетті.

Шекарадағы шара кез-келген уақытта және кез-келген республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қызметтердің дайын екенін дәлелдеді.