ҚР ИДМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ «СҰР СЕРТИФИКАТТАРМЕН» КҮРЕСУ АЛГОРИТМІН ӘЗІРЛЕДІ

ҚР ИДМ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІ «СҰР СЕРТИФИКАТТАРМЕН» КҮРЕСУ АЛГОРИТМІН ӘЗІРЛЕДІ

Алгоритмге сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитеті ай сайын шартты түрде шығарылған тауарларды қоса алғанда, тауарлар импорты бойынша сыртқы сауда саласындағы мәліметтерді мониторингілеу және берілген сәйкестікті бағалау құжаттар Тізілімімен салыстыру ушін Техникалық реттеу және метрология комитетіне жолдайды. Жүргізілген процедуралар қорытындысы бойынша, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті өңделген мәліметтерді өзінің аумақтық департаменттеріне, сонымен қоса ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне жолдайды. Бұдан әрі үш Комитеттің аумақтық департаменттері, Техникалық реттеу және метрология комитеті өңдеген мәліметтердің негізінде қауіпті өнімдерді шығару және өткізуге жол бермеу шараларын қолданады.

Қазіргі уақытта Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен алгоритмді шұғыл мәліметтермен алмасу және өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асыру тәсілдері дайындалды. Сондай-ақ, Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өнімдері бойынша жүргізілген тексерулерге Департамент қызметкерлерінің қатысуы туралы келісімге қол жеткізілді.