«ЕУРАЗИЯЛЫҚ АПТА» АРМЕНИЯНЫҢ АСТАНАСЫНДА ӨТЕДІ

«ЕУРАЗИЯЛЫҚ АПТА» АРМЕНИЯНЫҢ АСТАНАСЫНДА ӨТЕДІ

Ағымдағы жылы Форумда Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі кооперациялық қызметті күшейту, субконтрактацияны және экспорттық потенциалды дамыту мәселелеріне көңіл бөлінеді.

Сондай-ақ, Форум аясында басымды салалар бойынша компаниялардың ауқымды көрмесі ұйымдастырылады:

  • жеңіл өнеркәсіп
  • құрылыс материалдары
  • технологиялар
  • фармацевтика және медициналық бұйымдар
  • зергерлік сала

Қазақстандық бизнес өкілдерін Форум аясында ұйымдастырылатын компаниялардың көрмесіне қатысуға шақырамыз.

Форумда іс-шаралар мен қатысуға қатысты толық ақпаратты Форумның http://www.eurasianweek.org/ сайтынан алуға болады.

Еуразиялық апта – бұл жыл сайын өтетін ірі іскерлік шара. Ол экономиканы, ЕАЭО инвестициялыұ және экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Фото ашық ақпарат көзінен