
Кеңес барысында өңірлердің экспортты бағдарлайтын кәсіпорындарының қатысуымен бейнеконференц-байланыс режимінде сәйкестікті бағалау, GLP қағидаттарын енгізу және халықаралық стандарттарды тікелей қолдану туралы құжаттарды тану бойынша экспортты қолдау шаралары туралы айтылды.
Комитет сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттарды аккредиттеу ұйымдары мен зертханалар кооперациялары арасындағы екіжақты келісім жасасу арқылы тану үшін жағдай жасауды ұсынды. Сонымен бірге, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, 10 үздік елдің және экспортталатын өнімдердің тізбесі жасалады.
Кеңеске қатысушылары «Qazaq Organic Product», «Halal Product», «ҚазМай», «KazMeat» маркалы қазақстандық өнімдерді брендтеу мәселесіне үлкен қызығушылық білдірді.
Кеңес соңында қатысушылар бірыңғай ерікті ұлттық сертификаттау жүйесін құру қажеттілігі туралы пікірге келді. Оған стандарттарды, сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды және сертификаттарды тануды қосу қажет.