
Ақпараттық модельдеу технологиясын енгізудің тағы бір маңызды үрдісі стандартты орнату жұмысын Қазақстаннан тыс шығару, - дейді Александр Шахнович.
«ТМД және ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық үрдістер нормативтік-техникалық құжаттамасы үшін бірыңғай ұғымдық аппаратты, сондай-ақ ISO 81346-12 стандартының базасында жіктеудің бірыңғай жүйесін енгізудің қажеттілігіне әкеп соқтырады. Алдағы мемлекетаралық үйлестірудің күрделі үрдістерін болдырмау үшін экономикалық одақ шеңберінде ақпараттық модельдерге бірыңғай талаптарды және терминдерді белгілеген жөн», - деп атап өтті Александр Шахнович.
Мұндай жұмысты ФАМ «ҚФО» базасында құрылыстық кешеніндегі техникалық реттеу мәселелері бойынша ТМД мемлекеттердің-қатысушыларының базалық ұйымының шегінде қызмет атқаратын құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласындағы нормативтік-техникалық базасын дамыту жөніндегі комиссиясы бастап кетті.
Сондай-ақ, Александр Шахнович Қазақстан Республикасындағы ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу барысы туралы мәлімдеді.
Конференция шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың құрылыс саласындағы сарапшылары саладағы цифрландырудың өзекті мәселелерін талқылады, күрделі объектілерді жобалау кезіндегі цифрлық талаптармен жұмыс технологиясының саласында тәжірибемен алмасты, қатысушылар-елдердегі мемлекеттік сараптама ұйымдарының қызметі туралы баяндамаларды ұсынды.
Іс-шараға Ресейдің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері министрлігінің өкілдері, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения елдерінің «Мемлекеттік сараптама» ұйымдарының жетекшілері, «Құрылыстағы нормалау, стандарттау және сәйкестікті техникалық бағалау федералдық орталығы» ФАМ және т.б. қатысты.
