
«Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымы» (ҚСИМҰ), «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасы және Азиялық сапа желісі (Asian Network for Quality) аталған шараны ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу мен метрология комитетінің қолдауымен ұйымдастырды.
Бұл Конгресс қатысушыларды компанияны басқарудың ең озық Тұжырымдамасымен таныстыруды көздейді. Атап айтқанда, көшбасшылыққа, бәсекеге қабілеттілікке және ұлттық компаниялардың халықаралық деңгейде танылуына, сондай-ақ олардың өнімдері мен қызметтеріне қол жеткізу саласындағы ең үздік әлемдік тәжірибе жөніндегі ақпарат пен білімді тарату.
Негізгі баяндамашылар ретінде әлемге әйгілі мамандар және сапа менеджменті саласындағы нағыз кәсіби мамандар қатысты: профессор Noriaki Kano (Жпония), Claes Berlin (Швеция), Elizabeth Keim (АҚШ), проф. Mohamed Zairi (Ұлыбритания), Juhani Antilla (Финляндия), проф. Wan-Seon Shin (Оңтүстік Корея) және т.б.
ҚР ИДМТехникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шакқалиев құттықтау сөзінде әлемдік нарықтағы қарқынды бәсекелестік және ақпараттық технологиялар саласындағы өндірісті технологиялық жандандыру жағдайында инновациялық менеджмент жүйесін, инновациялық мәдениетті енгізу және қолдау, идеяларды және сапалы философияны қолдау өте маңызды екенін атап өтті.
«"Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауындашикізат өндірісінен сапалы, өңделген өнімдерді өндіруге көшу және басым салаларда бәсекеге қабілетті экспортты өндіруді дамыту қажеттігін атап өтті. Қойылған міндеттер шеңберінде және стандарттау және метрология жүйесін жетілдіру мақсатында«Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары әзірленді», - деді ол.
Бұдан бөлек, әлемдік үздік тәжірибені ескере отырып, сапаны дамытудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана емес, отандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стандарттаудың ұлттық жүйесін құру арқылы келесі қадам жасалды.
«Заң жобаларымен біз,стандарттарды мониторингілеу, талдау және жүйелеу, сондай-ақ халықаралық стандарттарды тікелей қолдану арқылы өнеркәсіпкеарналған өзекті және талап етілетін стандарттарды әзірлеу бойынша жаңа тәсілдерді көздедік.Қазақстанда менеджмент жүйелерін енгізетін кәсіпорындар саны -10827 (2015 жылы бұл көрсеткіш 8682 кәсіпорынды құрады) екенін атап өткен жөн.16-шы Азиялық сапаконгресін «ANQ 2018» өткізу» мамандар мен сапа менеджерлерінеигіліктіидеялармен, практикалармен және тәжірибелермен алмасу үшін тамаша мүмкіндікті қамтамасыз етеді деп сенеміз, бұл біздің елдеріміздің дамуына және өркендеуіне, біздің халықтарымыздың өмір сүру сапасына жету жолындағы табысты мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады сөзін Арман Шакқалиев.
Естеріңізге сала кетейік, 2002 жылы құрылған Азиялық сапа желісі (ANQ) Азиядағы жетекші үкіметтік емес коммерциялық өңірлік ұйым болып табылады, оның басты миссиясы - ғылым мен техниканың дамуына, өнеркәсіпті дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Оған Қазақстан, Индия, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Сингапур, Жапония, Таиланд және басқалар сияқты Азияның 17-ден астам елінің Ұлттық сапа ұйымдары және басқалары кіреді. Азиялық сапа ұйымын құру бастамашысы әлемге әйгілі сапа маманы, Токио Университетінің құрметті профессоры – Нориаки Кано.
Азиялық сапа желісі шеңберінде бизнесті басқару жаңа моделдері ұсынылып, сапаны басқару саласындағы жетекші Азия компанияларының жетістіктері көрсетілетін жыл сайынғы конгрестер өткізіледі. Конгресс шеңберінде Азиялық сапа желісі өткізетін халықаралық сапа конкурстарының қорытындысы шығарылады, сонымен қатар өнім мен қызмет сапасы, менеджмент персоналы, әлеуметтік жауапкершілік саласындағы көрнекті нәтижелерге қол жеткізгені үшін мамандар мен ғалымдарды марапаттау.
Ұйымдармен немесе жеке тұлға ретінде наградалар алуы олардың еңбегі халықаралық деңгейде мойындалғанын білдіреді.
Келесі 17-ші Азиялық сапа желісінің конгресі ANQ - 2019 Бангкокте (Таиланд) өтеді.


