
СПЕКА-ның мақсаты мүше мемлекеттердің олардың өзара ынтымақтастығын тереңдетуге, экономикалық дамуын ынталандыруға және олардың Еуропа мен Азия мемлекеттерінің экономикасына интеграциялануына көмектесу.
Аталған отырысқа Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі атынан Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаментінің директоры Серік Бәшімов СПЕКА-ның орнықты көлік, транзит және өзара байланыс жөніндегі Тақырыптық жұмыс тобының төрағасы ретінде қатысты және 20 жыл ішінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жұмыс жоспарлары туралы баяндама жасады.
Экономикалық форумға СПЕКА мемлекеттерінің (Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ауғанстан) өкілдері қатысты.
Экономикалық форум барысында көлік, сауда, энергетика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өңірлік интеграция және ынтымақтастық, құрылымдық экономикалық қайта құру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, СПЕКА-ның орнықты көлік, транзит, және өзара байланыс жөніндегі Тақырыптық жұмыс тобының қорытындысы шығарылды.
