
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасына тікелей әуе байланысын орнату мәселесін талқылады.
Қазіргі уақытта екі елдің белгіленген авиакомпаниялары Астана мен Кувейт қалалары арасына аптасына 7 жолаушы / жүк / аралас рейстерді орындауға құқылы. Кувейт тарапынан «Kuwait Airways», «Wataniya Airways» и «Jazeera Airways» әуе компаниялары белгіленген. Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге қол қою және басқа да жұмыстарды жалғастыруға келісті.