
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Румынияның іскерлік орта, сауда және кәсіпкерлік министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Габриела – Михаела Войчилэмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар инвестиция, көлік және логистика, азаматтық авиация, өңдеу өнеркәсібі және машина жасау сияқты түрлі салалар бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 2017 жылдан бері қарай Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымның өскені байқалады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналым 8%-ға өссе, 2018 жылдың 7 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өзара сауда көлемі 2 есеге артып, 1 млрд. АҚШ долларына жеткен (567,2 млн. АҚШ долл.).

