
Бұдан бөлек, Қазақстан территориясы арқылы Ресей мен Қырғызстан, Қырғызстан мен Өзбекстан, Ресей мен Өзбекстан ұйымдастырған транзиттік бағдарлары өтеді.
Есептік мерзім бойынша автокөлікпен тұрақты халықаралық автомобиль тасымалын жасауға 35 бағдар бойынша рұқсаттама құжаттары берілді.
Шекаралас мемлекеттер арасында жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында жаңадан Жетіқара-Екатеринбург, Теміртау-Красноярск, Қарағанды-Новосибирск, Петропавл-Сургут, Қант-Қара суу, Тоқмақ – Масанчи, Шымкент-Ташкент, Алматы-Ташкент, Қызылорда-Ташкент, Үшқоңыр – Ташкент, Үшқоңыр – Нүкіс сияқты 11 бағдар ашылды.
Тағы бір айта кететін жайт, қазіргі 25 бағдарға қосымша облысаралық Астана-Қызылорда бағыты қосылды. Сонымен бірге, Түркістан-Қостанай және Қызылорда-Қостанай облысаралық бағдарларын ашу жұмыстары жүріп жатыр.
Фото ашық ақпарат көзінен