«ISO-НЫҢ ШВЕЙЦАРИЯДАҒЫ АПТАЛАРЫ» АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ISO АРАСЫНДА ЕКІЖАҚТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ISO-НЫҢ ШВЕЙЦАРИЯДАҒЫ АПТАЛАРЫ» АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН МЕН ISO АРАСЫНДА ЕКІЖАҚТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР ИДМ ТРМК төрағасы Арман Шаккалиев Қазақстандағы ұлттық стандарттау органын құру аясында стандарттау жүйесін стратегиялық дамыту, жоспарлау және құру мәселелері бойынша ISO-ның тәжірибесін пайдалану қажет деп атап өтті.

Сондай-ақ А. Шаккалиев ISO-мен өзара іс-қимылдың ТМД-ның Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі (МАК) деңгейінде де, екіжақты деңгейде де Еуразиялық экономикалық комиссиямен ISO ынтымақтастығының негізгі өлшемдерін қалыптастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

С.Муико ISO 2016-2020 Стратегиясының негізгі бағыттарының бірі өңірлерді халықаралық стандарттауға тарту болып табылатындығын атап өтті. Сондықтан ISO платформасында ISO -ның Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесін құрудың тәсілдері мен идеологиясы туралы мәселе талқылануда. Бұл өңірдің халықаралық стандарттарды қабылдау мен қолданудағы қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ ISO техникалық комитеттерінің жұмысына техникалық сарапшылардың қатысуын арттыруға мүмкіндік береді. ISO-ның Бас хатшысы ТМД-дағы аймақтық стандарттау ұйымы ретінде МАК-мен ынтымақтасуға және оның мүше мемлекеттері екі жақты деңгейде дайын екендігін білдірді.

Сонымен қатар С.Муико ҰСО кұру және ұлттық стандарттау жүйесін құруда Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация ISO комитетінің DEVCO дамушы елдер бойынша 52-ші пленарлық отырысына қатысты.

2016-2020 жылдарға арналған Дамушы елдердің ISO іс-қимыл жоспарының шеңберінде DEVCO дамушы елдерді халықаралық стандарттауға тарту үшін маңызды жұмыс жүргізеді.

Кездесуде Ұлттық стандарттау стратегиясын әзірлеу, стандарттау жүйесін тұрақты дамытуға жәрдемдесу, ұлттық және аймақтық стандарттарды дамытудың басым бағыттарын таңдау, жалпы алғанда Сапа инфрақұрылымын стандарттау және дамыту жөніндегі ұлттық органның мамандары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Ұлттық сарапшылардың деңгейін арттыру, халықаралық сарапшылармен және озық елдердің сарапшыларымен тәжірибе алмасу мүмкіндігін пайдалана отырып, стандарттау бойынша халықаралық техникалық комитеттердің жұмысына ұлттық техникалық сарапшылардың қатысуының маңыздылығы туралы мәселе қарастырылды.

Кешке қарай «Стандарттар және мемлекеттік сатып алулар» ашық секциясының отырысы өтті. Онда мемлекеттік сатып алу рәсімінде стандарттарды өнімдер мен қызметтер сапасын жақсартудың негізгі драйвері ретінде пайдаланудың артықшылықтары талқыланды.