АСТАНА-САРЫАҒАШ ПОЙЫЗЫН ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕ 25 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

АСТАНА-САРЫАҒАШ ПОЙЫЗЫН ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕ 25 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Тексеріс нәтижесінде пойыздың ҚР Ұлттық стандарттарының талаптарына сай келмейтін 25 факт анықталды. Атап айтқанда, вагон сыртындағы тот басқан іздер мен басқа да ақаулар көзге түскен және төсек орын жабдықтарының стандарт талаптарына сай болмауы сынға ілінді. Атап айтқанда, кір матрас пен жастықтар және басқа да төсек жабдықтар анықталған.

Сондай-ақ, жолаушыларды билетсіз тасымалдаған фактілер де анықталды.

Сонымен қатар, тексеру жүргізушілер Қарағанды қаласына келіп, теміржол вокзалы ғимаратын қайта жаңғырту жұмысының барысымен танысты. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вокзал шаруашылығы өкілдерінің  қатысуымен жиын өтті. Онда аталған кемшіліктер бойынша тиісті нұсқау берілді