ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІН ЖАҢҒЫРТУҒА ҚАТЫСУҒА МҮДДЕЛІ

ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІН ЖАҢҒЫРТУҒА ҚАТЫСУҒА МҮДДЕЛІ

Тараптар энергияны есепке алудың заманауи зияткерлік құрылғыларын қолдану  арқылы суды, газды, жылу мен электр энергиясын ұтымды пайдалану бойынша кешенді шешімдерді енгізудегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Diehl Metering компаниясы Diehl Group (Германия) халықаралық концерннің бір бөлігі болып табылады. Бұл концернде бүкіл әлем бойынша 17200 адам жұмыс істейді, ал жылдық айналымы – 3,75 млрд. еуро. Компания көптеген салалар үшін инновациялық технологияларды әзірлейді және шығарады. Инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешені саласында Франция, Германия, Дания, Испания, Қытай және басқа елдер сынды 12 елде ресурстарды есепке алу зияткерлік құрылғылары бар үйлер мен ғимараттарға арналған жобалар іске асырылды.

Кездесу барысында Diehl Metering өкілдері Қазақстанның инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін цифрландыру шеңберінде ресурстарды зияткерлік есепке алу бағытын дамыту ниетін білдірді. Сондай-ақ, неміс тарабы қазақстандық әріптестерін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ең ірі – European Utility Week 2018 іс-шарасына қатысуға шақырды,  онда Diehl Metering хэдлайнердің бірі болып табылады. Осы іс-шара аясында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, Diehl Metering және «RMK Systems» ЖШС арасындағы үш жақты Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

Ауқымды ынтымақтастыққа бағытталған алғашқы қадам ретінде тараптар Астана қаласында пилоттық жобаны жүзеге асыру туралы уағдаласты. Жоба көп пәтерлі тұрғын үйді заманауи зияткерлік құрылғылармен нақты уақыт режимінде есепке алуды қадағалау үшін бағдарламалық өнімдерге қосылған ресурстарды тұтынуды өлшеу үшін жабдықтауды қамтиды.

«Біз суды, газды, жылуды және электр энергиясын ұтымды пайдаланудың кешенді шешімдерін ұсынатын әлемдегі жетекші компаниялардың бірі болып табылатын Diehl Metering компаниясымен  іскер әріптес болуға өте қуаныштымыз. Бұл бағытты дамыту Қазақстандағы энергия ресурстарын өндіру мен тұтыну балансын қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Осындай жобаларды жүзеге асыру ресурстарды тиімді басқаруға мүмкіндік береді және «жасыл  экономикаға» көшудің негізін қалайды», - деді «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ  басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев.

Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің басшылығының тапсырмасы бойынша  «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында инновацияларды енгізуге арналған ең үздік  нұсқаларды табуға тырысуда. Компания мамандары Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, бюджеттен тыс инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мақсатында шетелдік компаниялармен және халықаралық қаржы ұйымдарымен кездесулер өткізіп, ең озық және тиімді технологияларды талдайды. Қазіргі уақытта компания инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін дамытудың  әртүрлі стратегиялық бағыттары бойынша бірнеше трансұлттық компаниялармен келіссөздер жүргізуде.

Анықтама үшін:

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

Diehl Metering - Нюрнбергте штаб-пәтері бар Diehl Group халықаралық концернінің корпоративтік бөлімі. Бұл концернде бүкіл әлем бойынша 17200 адам жұмыс істейді, ал жылдық айналымы – 3,75 млрд. еуро. Diehl Metering бүкіл әлем бойынша ресурстық жеткізушілерді өлшеу және есепке алу құрылғыларымен, жүйелік және бағдарламалық өнімдермен қамтамасыз ете отырып, суды, жылу энергиясын және газды ұтымды пайдалану үшін кешенді шешімдер  ұсынады. Компания зияткерлік есепке алу құрылғылары мен көп функциялы автоматтандырылған қашықтан оқу жүйесі (АМР) саласында, сондай-ақ жүйе технологиялары мен сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жобалары саласында жетекші орынға ие.