
Көлік комиссияның қазақстандық бөлігін Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр және Ресей тарапын Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары – статс-секретарь Сергей Аристов басқарды.
Отырысқа екі ел министрліктерінің құрылымдық бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері және көлік кешеніндегі кәсіпорындардың («Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» ҚКО, «Эйр Астана» әуекомпаниясы, «Ресей темір жолы» ААҚ, «ЭРА-ГЛОНАСС» МААЖ, «Ресейлік кеме қатынасы палатасы» ЖБЖРСБ) өкілдері қатысты.
Отырыс барысында темір жол, автомобиль, су, әуе көлігі және автомобиль жолдары саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қол жеткізген негізгі уағдаластықтар отырыстың Хаттамасына енгізілді.
Мысалы, темір жол саласында «Еуразия» жоғары жылдамдықты жүк-жолаушы темір жол дәлізін құруға бағытталған бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру; ресейлік тасымалдаушылар («Алтай-Пригород» АҚ, «Свердловская пригородная компания» АҚ) және «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясы» арасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ инфрақұрылымына ресейлік құрылымның қала маңындағы пойыздардың тұрғаны үшін шығындарды өтеу туралы шартты құру бойынша корпоративтік рәсімдерді жүргізуге және қала маңындағы қатынаста 2019 жылдан бастап ұзақ мерзімде негізде шарт жасасу мүмкіндігін қарастыру келісіміне қол жеткізілді. Сонымен қатар, тараптар бір рет қайта тіркелетін жыл сайынғы қатынастың Астана-Санкт-Петербург тоқтаусыз вагонын іске қосуды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға келісті.
Автомобиль көлігі саласында тараптар биыл жылдың соңына дейін «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы халықаралық втомобиль қатынастары туралы келісімнің» жаңа жобасына мемлекетішілік келісім рәсімдерін аяқтауға және оны қол қоюға әзірлеуге келісті. Сонымен қатар, ресей-латыш мемлекеттік шекарасындағы «Бурачки» өткізу пункті арқылы ХЖТ қолдана отырып, автокөлік құралдарын өткізуді ұйымдастыруға қол жеткізілді.
Азаматтық авиация саласында тараптар үшінші елдің шетел азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе кәсіпорындарының әуе кемелерінің экипаж мүшелері үшін келу, болу және кету қағидаларын жеңілдету туралы келісімге қол қою келісімне қол жеткізілді.
Теңіз және өзен көлігі саласында Каспий теңіздінде біздің порттардың арасындағы паромдық қатынасты және Ертіс өзені бойында жүк тасымалын дамытуға қол жеткізілді. Ресейлік әріптестермен бұл мәселені 2019 жылдың 1 жартыжылдығының аяғына дейін пысықтау келісілді. Сонымен қатар кеме жасау-кеме жөндеуді дамыту саласында ытнымақтастықты дамыту және теңізшілердің дипломын өзара тану жөнінде келісілді.
Қазақстан мен Ресей арасындағы көлік жөніндегі комиссияның келесі 14-ші отырысын келесі жылы Ресей Федерациясында өткізу жоспарлануда.


