ҚР ИДМ МЕН МҚІСҚА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР ИДМ МЕН МҚІСҚА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары 2018-2020 жылдарға арналып бекітілген жоспарға сай атқарылуда.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау мақсатында Министрлік қызметінің бағыттары бойынша заңнамалық база үнемі қадағаланады.

Кәсіпкерлерге бизнес-процесте мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдету, әкімшілік кедергілерді барынша азайту, құжаттар саны мен мерзімін қысқарту сияқты оңтайландыру жұмыстар жүргізіледі.

Өз сөзінде МҚІСҚА төрағасының орынбасары Олжас Бектенов 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Министрліктің 90% электронды форматта  (455 634), 8% (42746) мемлекеттік корпорация арқылы және қағаз түрінде тек 2% -ын ұсынылғанын хабарлады.

Азаматтармен тікелей байланыстың айтарлықтай төмендеуіне қарамастан бірқатар проблемалар бар.

«Бірінші кезекте бұл мемлекеттік қызметті оңтайландыру мен автоматтандырудың төмендігімен байланысты. Министрлік ведомстоаралық ақпараттық жүйелерін толық интеграциясын толық жүзеге асырған жоқ. Сонымен қатар, министрліктің жеке ақпараттық жүйесі бір-бірімен интеграцияланбаған. Министрліктің негізгі қызметі пайдаланатын ақпараттық жүйелерді біріктіру арқылы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылауды күшейтуі тиіс», - деді О.Бектенов.

Бірінші вице-министр Роман Скляр атап өткендей, ҚР ИДМ Көлік комитетінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама жүргізіледі. 39 нормативтік құқықтық актілер сарапталды, аумақтық инспекциялардың қызметі қаралды.

Нәтижесінде 55 сыбайлас жемқорлық тәуекел анықталды. Оның ішінде 10-ы алынып тасталды, қалғанын жыл соңына дейін шешіледі.

Сондай-ақ, жолдардағы алымдарды жүйелі түрде жою үшін мониторинг тобы мен талдау жұмыстарының негізінде заңнамалық өзгертулер мен цифрлық технологияларды енгізу басталды.

«Осы түзетулерді қабылдау және көлікті бақылауды цифрлау (САИС, бақылау-өткізу пункттеріндегі камералар, «Сергек» камераларын кеңінен қолдану, қауіпті және ірі көлемді жүктерді тасымалдаудың GPS мониторингі, жолаушылар мен багажды тасымалдау, қағазсыз рұқсаттарға көшіру) 2020 жылы жол-көлік сыбайлас жемқорлық фактілерін айтарлықтай төмендетеді.

Адами факторды 100% алып тастау, сондай-ақ беру мерзімін қысқарту мақсатында ауыр және ірі көліктерге арналған арнайы рұқсат беруді автоматтандыру және қағазсыз құжат айналымға көшу жоспарлануда»,- деп атап өтті Роман Скляр.

ҚР ИДМ Жауапты хатшысы Замир Сағынов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың 99%-ы өңірлік деңгейде болады. Атап айтқанда, мұндай заң бұзушылықтардың басым үлесі көлікті бақылау инспекторларынвң құрамына тиесілі. Сол себепті осы бағыттағы жұмыс күшейтілуде.

Министрлік сыбайлас жемқорлыққа «төзбеушілік» қағидаттарын қатаң ұстанады. Егер қызметкерлер арасынан сыбайлас жемқорлық белгілері анықталатын болса, материалдар шара қабылдау үшін дереу ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жіберіледі.