ЕЛБАСЫ СТАНДАРТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ЕЛБАСЫ СТАНДАРТТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

«Стандарттау туралы» ҚР Заңында Техникалық регламенттерді орындауда міндетті сала ретінде техникалық реттеу жүйесін және стандарттарды таңдауда ерікті сала ретінде ұлттық стандарттау жүйесін ажырату, стандарттаудың ұлттық жүйесін құру, техникалық комитеттердің рөлін күшейту мәселелері қарастырылған. 

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласына енгізілетін өзгерістер метрологияда мемлекеттік реттеу үлгісін өзгертуді және эталондарды салыстырып тексеруден калибрлеуге өтуді көздейді.

Мемлекеттік реттеудің жаңа үлгісі мемлекеттік органдар бекітетін Өлшемдер тізбелері мен нормативтік құқықтық актілер арқылы жүзеге асырылатын болады. Эталондарды салыстырып тексеруден калибрлеуге өту халықаралық саудада Қазақстанда жүргізілетін өлшемдер нәтижелеріне сенім үшін шарттар құруға мүмкіндік береді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске енгізілетін өзгертулер мен техникалық реттеу және метрология саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді және айыппұлдар үш есеге артты. Жол қозғалысы туралы заңнама автокөлік құралдарының электронды төлқұжаттарын енгізу нормасымен толықтырылды.

Автомобиль жолдары туралы заңнамаға жол-жөндеу жұмыстарының сапасын бақылаудың Бірыңғай орталығын құруды көздейтін өзгерістер енгізілді.

Заңдар импортты алмастыруға, отандық өнімнің сапасын, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ресурсты үнемдеуге, инновацияны енгізуді ынталандыруға және технологиялар трансфертіне ықпал ететін болады.

Фото ашық ақпарат көзінен