АСТАНАДА «ХИМИЯЛЫҚ ӨНІМНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ЕАЭО ТР-ДЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІНЕ ЕАЭО-ҒА МҮШЕ ЕЛДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АСТАНАДА «ХИМИЯЛЫҚ ӨНІМНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ЕАЭО ТР-ДЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІНЕ ЕАЭО-ҒА МҮШЕ ЕЛДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Техникалық регламент екінші деңгейлі екі құжатты (химиялық заттар мен қоспалардың тізілімін құру және жүргізу тәртібі, сондай-ақ жаңа химиялық заттарды нотификациялауды  тәртібі) бекіту шарты кезінде 2021 жылғы 2 маусымнан бастап күшіне енеді.

Конференцияның модераторы ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шакқалиев. Оның айтуынша, жұмыс топтарының мәжілісінде тәртіптерді әзірлеу кезінде және қоғамдық талқылау барысында Қазақстандағы химия өнеркәсібінің өкілдерінен ескертулер мен ұсыныстар ескерілді.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар (ИДМ КИРПБ, ДСМ ДСҚК,АШМ, ЭМ, ҰЭМ) ҰКП-мен бірлесіп, 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін аяқталуы қажет,оларды ЕАЭО тізіліміне енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындаайналымдағы және айналымға жоспарланған химиялық заттарды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, тізілімнің ұлттық бөлігін жүргізу үшін ақпараттық ресурстарды құру мәселесі де пысықталуда», - деді ол.

Қазақстанда осы техникалық регламенттердің талаптарын іске асыруға дайындау мақсатында химиялық заттар тізілімінің және Еуразиялық экономикалық одақ қоспаларының ұлттық бөлігін құруға жауапты уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі болып айқындалды.

ЕАЭО елдерінің өкілдері техникалық регламенттердің күшіне енуіне дайындық бойынша ағымдағы қызмет туралы айтты. Конференцияның модераторы «Гигиена ғылыми-практикалық орталығы» республикалық унитарлық кәсіпорнының директоры Сергей Сычик сөйледі. ЕАЭО аумағында химиялық өнімдерді реттеуге қатысушы қонақтармен қатар, кездесуге: ОЭСР  өкілі - Боб Дидрих, тәуекелді бағалу жөніндегі түрік агентігінің басшысы – Мели Бабайгит,неміс консалтингтік компаниясының басшысы– Гельмут Флейг, UL өкілі – Константин Пименов және Фирмениш компаниясының өкілі – Дарья Аммаше қатысты.