
Оның айтуынша, Теміржол саласында жолаушыларға қызмет көрсетудің Ұлттық стандарттары және Жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау қағидалары қолданыста бар. Олардың аясында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тиісті жағдайлар жасалуда.
«Бүгінгі күні, 136 вокзал толықтай толық Ұлттық стандарт талаптарына (қолданыстағы 302 вокзалдан) сәйкестендірілді. 47 вокзал тиісті техникамен жабдықталды. Алдағы бесжылдықта «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының күрделі жөндеу жұмыстары жоспарының аясында 71 теміржол вокзалын реконструкциялау мен салу және 263 вокзалда жолаушылар платформаларын жөндеу жоспарланып отыр», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, теміржолдың түрлі бағыттары бойынша 22 бағдардың құрамында жүріп-тұруы шектеулі адамдарға арналған 33 бірлік арнайы купе вагондары бар. «Тұлпар-Тальго» пойыздарында арнайы орындарға арналған 70% көлемінде жеңілдіктер белгіленген.
Бұдан бөлек, министрлік автомобиль көлігі саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру шараларын қабылдауда. Атап айтқанда, заңнамалық деңгейде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қолжетімділік пен қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған автовокзалдар мен автостанцияларға қойылатын міндетті талаптар көзделген.
«Бүгінгі күні елде 36 автовокзал және 110 автостанция жұмыс істейді. Олардың 78%-ы Ұлттық стандартқа сәйкес келеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңда жалпы пайдаланымдағы көлікті мүгедек жолаушылардың отырып-түсуіне арналған құрылғылармен жабдықтау туралы талабы белгіленген Автобустар жаңарған сайын қоғамдық көліктежүріп тұруы шектеулі тұлғаларға қолайлы болады», -деді министр.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көліктік қызметтерді көрсету үшін республиканың 20 қаласында арнайы такси қызметі жұмыс істейді. Барлық арнайы такси қызметтерінің автопаркінде183 машина бар.
Министрлік әуе көлігі саласына жеке пайдалануға арналған зембіл мен мүгедек арба-кресло ретінде әуе көлігінде тегін тасымалдауға жататын жолаушыларды, жүктерді тасымалдау Ережесіне өзгерістер енгізді. Мүгедектерге жайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету үшін жолаушылар терминалын жобалау және құрылысын жүргізу барысында жеңіл әрі оңай өту үшін пандустар мен өзге де конструкциялар қарастырылған.
Сондай-ақ, Министрлік ұшу кезінде жауапкершілік туралы декларацияға қол қою жөніндегі әуе компаниялардың талаптарын алып тастады.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2018 жылғы республика бойынша тұрғын үйге мұқтаж 1 және 2 топ мүгедектерінің саны 38 814, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар саны 18 639. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында аталған санаттағы коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алған азаматтар саны 258 адам (1 және 2 топ мүгедектер – 185 адам, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар – 73 адам). Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында кезекте тұрған азаматтар үшін 3470 арендалық пәтер салынады (оның ішінде мүгедек санатындағылар үшін).
Фото мұрағаттан алынды