ШАҒЫН АВИАЦИЯДАҒЫ ТАҒЫ БІР ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ

ШАҒЫН АВИАЦИЯДАҒЫ ТАҒЫ БІР ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ

Комитет инспекторларының тексеруі негізінде «Фауна Эйр» әуе компаниясының Қазақстан Республикасындағы азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушыларына қойылатын сертификациялық талаптарды бұзғанын анықтады (1-деңгей). Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті 2018 жылдың 8 қазанынан бастап «Фауна Эйр» ЖШС-нің авиациялық жұмыстарға берілген Куәлікті пайдалануға шектеу қойды.

Бұған дейін Азаматтық авиация комитеті ҚР Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізген жұмыстың нәтижесінде 17 ұшақтың және шағын авиацияның 2 әуе компаниясының (Азия Континенталь Авиалайнс және «КАЗАВИА» Тәуелсіз әуе компаниясы» ЖШС) қызметі уақытша тоқтатылған болатын. Сондай-ақ, рейстің және техникалық жұмыстардың сапасыз ұйымдастырылуына байланысты 16 авиакомпанияның лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік шаралар қабылданды.