МАКС-2021: Жуковский институтымен ынтымақтастық туралы келісім жасалды

МАКС-2021: Жуковский институтымен ынтымақтастық туралы келісім жасалды

Профессор Н.Е. Жуковский атындағы орталық аэрогидродинамикалық институт (ОАГИ, "Н.Е. Жуковский атындағы институт" ҒЗО құрамына кіреді) қазақстандық компаниялардың әзірлемелеріне қызығушылық танытты.

МАКС-2021 шеңберінде "Қазақстандық авиациялық индустрия" ЖШС мен Институт басшылығы арасында келіссөздер өтіп, нәтижесінде ОАГИ мен "ҚАИ" ЖШС арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бірлесе атқарылатын қызмет бағыттары ішінде – "ОАГИ" ФГУП ғылыми-сынақ базасын пайдалана отырып, зерттеу жобаларына, пилотсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА), ұшу тренажерларын әзірлеуге қатысу қарастырылған "Kazakhstan Gharysh Sapary" ұлттық компаниясы Авиациялық ғылым орталығымен ғарыш саласындағы бірлескен бағдарламалар туралы келісім жасасты.

Осы жылдың сәуір айында "ОАГИ" ФМУК делегациясының Қазақстанға сапары барысында бастау алған өзара іс-қимылды жалғастыру үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Институт басшылығы арасында келіссөздер жүргізілді.

"Қазіргі уақытта Қазақстанмен серіктестік қатынастар - Ресейдің халықаралық өзара іс-қимылының негізгі бағыттарының бірі. Бұл жұмысқа әуе-ғарыштық ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастықтың барлық жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ОАГИ белсенді түрде қосылуда", – деп атап өтті "ЦАГИ" ФМУК бас директоры, РҒА корреспондент-мүшесі Кирилл Сыпало.

Анықтама:

МАКС-2021 халықаралық авиация және ғарыш салоны Мәскеу облысында, Жуковскийде 2021 жылғы 20-25 шілде аралығында жұмыс істейді. Ресейдің шақыруы бойынша Қазақстан алғаш рет аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы әлемге әйгілі көрме іс-шарасының әріптес елі ретінде қатысуда. Қазақстан павильонының ауданы 750 шаршы метр. Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің 11 кәсіпорны өз өнімдерін ұсынды.
Институты " Ұлттық зерттеу орталығы Орталық құрамына профессор Н.Е. Жуковский атындағы орталық аэрогидродинамикалық институт (ОАГИ), П.И. Баранов атындағы орталық авиациялық мотор жасау институты (ЦИАМ), Мемлекеттік авиациялық жүйелер ғылыми-зерттеу институты, С. А. Чаплыгин атындағы Сібір авиациялық ғылыми-зерттеу институты және авиациялық жүйелердің мемлекеттік қазыналық ғылыми-сынақ полигоны кіреді.

Профессор Н.Е. Жуковский атындағы Орталық аэрогидродинамикалық институт Н.Е. Жуковский атындағы институт" ҒЗО құрамына кіреді) 1918 жылдың 1 желтоқсанында құрылған. Бұл Ресей Федерациясының авиация және зымыран-ғарыш саласының ірі мемлекеттік ғылыми орталығы. Онда аэро - және гидродинамика, аэроакустика, ұшу динамикасы және ұшу аппараттары конструкцияларының беріктігі, сондай-ақ өнеркәсіптік аэродинамика салаларындағы іргелі және қолданбалы сипаттағы күрделі міндеттер табысты атқарылуда. Институттың ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін бірегей эксперименттік базасы бар. Ресейде жасалған барлық ұшақтарға мемлекеттік сараптама жүргізеді және алғашқы ұшудың мүмкіндігі мен қауіпсіздігі туралы түпкілікті қорытынды береді. ОАГИ авиациялық техниканы дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ ұшуға жарамдылық нормаларын және регламенттеуші мемлекеттік құжаттарды жасауға қатысады.