
Бұл халықаралық шарттар әуе кемелерін заңсыз басып алу және борттарда тәртіп бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған.
«Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ассамблеясының 39-шы сессиясының шешімін жүзеге асырудың мақсаты - әуе кемелерінде тәртіпсіздік пен тәртіп бұзушылықты болдырмауға бағытталған», - деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр.
Әуе кемелерінде жасалған қылмыстар мен басқа да актілер туралы конвенция мен хаттама әуе кемесінің бортында тәртіпке бағынбайтын және деструктивті жолаушыларға қатаң шара қолдануды көздейді.Осы ережелерді қабылдау Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмге қарсы тұру ережесінің талаптарына сай келеді және тиісті түрде азаматтық авиация қызметінің заңсыз араласуына жол бермеу актілеріне сәй келеді.
Азаматтық авиация комитеті тұрақты түрде ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік мәселелеріне бағытталған іс-шараларды халықаралық стандарттарға сай орындайды.
Фото ашық ақпарат көзінен