
Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7% (4,48 млн. тонна) артық.
Көмір өндіретін кәсіпорындардың қоймаларындағы қорды есептегенде жыл басынан бері 79,2 млн. тонна көмір тиеліп, жөнелтілген. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (78,2 млн. тонна) 965 мың тонна артық.
Бүгінгі таңда көмір тасымалдауға 29 мың вагон жұмылдырылып отыр. Соның ішінде коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалы үшін 9 мыңға жуық вагон бөлінген. Бұл түскен тапсырыс көлемін тасымалдауды толық қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, тасымалдауды қамтамасыз етуде жылжымалы құрамның жетіспеушілігін болдырмау үшін ірі көмір кендеріне тиісті вагондар паркі бекітілді.