Заң шығару процессінің жаңалықтары туралы

Заң шығару процессінің жаңалықтары туралы

Министрлікте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қатысуымен құқықтық жалпы оқыту шеңберінде «Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары мен талаптарын түсіндіру» тақырыбында семинарлар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталған.

Семинар барысында мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізуге тәртібін реттейтіндігі айтылды.

Сонымен қатар Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеудің, есепке алудың жаңа ережелерін қабылдау, сондай-ақ «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу тәртібі бойынша түсіндірілді.

Іс-шарада Министрліктің барлық салалық құрылымдық бөлімшелерінен қатысушылары кеңінен қамтылды.