ТЕМІРЖОЛ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫНА 52 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САНКЦИЯЛАРЫ САЛЫНДЫ

ТЕМІРЖОЛ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫНА 52 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САНКЦИЯЛАРЫ САЛЫНДЫ

Кеңеске Бас көлік прокуратурасының, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері, сондай-ақ, жеке тасымалдаушылардың бірінші басшылары және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық төрағасы Төлеген Байғұлов шақырылды.

Жиында тасымалдаушылардың вагондар паркін жаңарту,  пойыздарда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау және пойыз ішіндегі сервис деңгейін жоғарылатуда шарттық міндеттемелерді орындаудың алдын ала қорытындылары талқыланды және қыс мерзіміне дайындық жөніндегі тасымалдаушылардың мәліметі тындалды.

Сонымен бірге, 2017 жылдың басынан бері субсидиялаудың жаңа механизмін енгізгеннен кейін және инвестиция тартуға нормативтік жағдайлар жасалған сон тасымалдаушылардың 220-дан астам жаңа вагон сатып алғандары айтылды.

Сонымен қатар, биыл Көлік комитеті 101 пойыз құрамын тексеріп, 800-ден астам Ұлттық стандарттқа сәйкес келмейтін фактілерді анықтаған және 52 млн. тенгеден астам субсидияларды қайтару туралы санкциялар салған.

Тексеру кезінде ең жиі қайталанып отыратын заң бұзушылықтар мына пойыздарда анықталған:

  • № 377/378 Алматы – Маңғыстау;
  • № 85/86 Астана – Сарыағаш;
  • № 603/604 Астана – Арқалық;
  • № 43/44 Қостанай – Алматы.

Мысалы, биыл 28-қыркүйекте Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев қатысқан № 85/86 Астана – Сарыағаш бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде Ұлттық стандартты                        бұзған 25 факт анықталған болатын. Сондай-ақ, жолсеріктер пойызда комиссияның болуына қарамастан билетсіз 2  жолаушыны отырғызбақ болған. Бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ жасалынып жатқан шаралардың тиімсіздігін көрсетіп отыр.

Бұдан бөлек, көлікті бақылау органдары 1000-ға жуық жолаушыны билетсіз тасымалдау фактілерін тіркеген.

Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, пойыздарды тексеруді жалғастыратынын айтты.

Сондай-ақ, тасымалдаушылар пойыздардағы тасымалдау сапасын жақсарту шараларын қабылдамаған жағдайда қолданыстағы шарттарды бұзуға дейін баратынын ескертті.

Кеңес қорытындысы бойынша, нақты ұсыныстар әзірленді және тасымалдаушылырға шарттық міндеттемелерді толық орындау, жолаушылар пойыздарында Тасымалдау қағидалары мен    ҚР Ұлттық стандарттарды сақтау жөнінде қажетті нұсқаулар берілді.