АСТАНАДА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ-КОНКУРСЫ ӨТІП ЖАТЫР

АСТАНАДА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ-КОНКУРСЫ ӨТІП ЖАТЫР

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы 12-13 қазан күндері өтеді. Конкурсқа еліміздің барлық облыс орталықтарында (Астана мен Алматы қалаларын қосқанда) маусым-тамыз айларында өткен аймақтық кезеңдерде жеңімпаз атанған 153 компания қатысуда.

Министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандық кәсіпорындардың тұтыну тауарларының кең ауқымын меңгеруіне, Былайша айтқанда, «қарапайым заттардың экономикасын» дамытуға назар аударғанын атап өтті. «Қазақстанның үздік тауары» байқауы тек сапа мәселесін өзектендіріп қоймай, сонымен қатар, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға да көмектеседі.

«Бүгінгі таңда мемлекет бизнесті қолдауға бағытталған, әсіресе өңдеу секторындағы экспорттаушылардың өсімін ынталандыратын бірқатар кешенді жүйелік шаралар қабылдайды. Көптеген қатысушылар және әрбір адам өздерінің бәсекелестерінің қалай жұмыс істейтінін, олардың қандай сапалы өнім шығаратынын көре алады. Біз жыл сайын қатысушылардың саны өсіп келе жатқанын көріп отырмыз, қазір қатысушылардың 80%-ы  жаңа компаниялар» , - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз сөзінде Мемлекет басшысының отандық экспорттаушыларға қолдау көрсету үшін 500 млрд теңге және өндірушілерге қолдау көрсету үшін 600 млрд. теңге бөлу туралы тапсырма бергенін еске салды. Қазақстандық компаниялардың жаңа нарықтарға шығулары үшін 20 миллиард долларға жуық қаржы көмек ретінде бағытталатын болады.

«Биыл өңірлік байқауға 1163 компания қатысты. Бұл біз ойлағаннан да жоғары, тіпті рекордтық көрсеткіш. Ұлттық палата отандық тауарлардың сапасы жоғары болуын, өндірушілерің бәсекеге қабілетті болуын көрменің басты мақсаты санайды», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Республикалық көрме аясында елорда тұрғындары мен қонақтарына отандық тауарлардың кең ауқымы ұсынылды. Кез келген тұрғын ұсынылған өнімдердің дәмін татып көре алады және өндірушілердің бағасымен сатып ала алады. Сондай-ақ, конкурста отандық өндірушілердің киім-кешектері, мастер-кластар және келушілер арасында ұтыс ойындары ұйымдастырылды.

Байқауды 2015 жылдан бері «Атамекен» ҰКП ұйымдастырып келеді. Байқау үш номинация бойынша өткізіледі: «Үздік өндірістік тауарлар»; «Халыққа арналған ең үздік тауарлар» және «Ең үздік азық-түлік өнімдері».

Биыл жеңімпаздарды анықтау тәртібі өзгерді. Республикалық конкурстың қатысушыларынан сарапшылар комиссиясы 27 финалистті анықтайды. Қазақстан тұрғындары да үздік өндірушіге дауыс бере алады.

Осы мақсатта 15 қазан күні сағат 9:00-де www.altynsapa.kz сайты арқылы дауыс беру басталады. Ол 25 қазанға дейін жалғасады. Марапаттау рәсімі желтоқсан айында өтеді.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауы отандық өндірушілерді жандандыру мақсатында өткізіледі және қазақстандық нарықты жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға көмектеседі. Сонымен қатар, өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын сапа мәселесін шешуге, халық арасында сапалы өнімді кеңінен насихаттау аударады.

Конкурс – кәсіпкерлерге жаңа серіктестер табуға және импортты алмастыруға мүмкіндік беретін B2B-платформа.