
Іс-шараның мақсаты – тұрғын үй-коммуналдық саласын цифрландыруға атсалысатын барлық қатысушылар арасында ашық диалог жүргізу, ТКШ-ны цифрландырудың жаңа тәсілдерін ұсыну және бірыңғай тәсілді әзірлеу, сондай-ақ, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен отандық IT-әзірлеушілер арасында диалог орнату.
Цифрландыру күнінің аясында ТКШ саласындағы ең өзекті мәселелерді және оларды жаңа цифрлық технологияларды қолдану арқылы шешу жолдарын қарастыратын дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылады.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісетін шет елдердің сарапшылары қатысады, деп күтілуде. Мұнымен қоса, ТКШ саласында қазақстандық IT-шешімдердің көрмесін өткізу жоспарланып отыр.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басшылары, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің, табиғи монополиялардың субъектілері, «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ, ІТ-әзірлеушілер мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы IT Кеңестің басшылары қатысады.
Байланыс телефондары: +7(7172)999449 (ішкі 1285), +77004441404; электронды пошта a.berdibayeva@zhkh.kz.