
Кездесуге машина жасау, ауыл шаруашылығы, энергетика, цифрлық, «жасыл» технологиялар, көлік, логистика және басқалар сияқты бірқатар ірі финдік компаниялар мен ұйымдары қатысты.
Анықтама:
Іс-шараға «Нокиа», «Оутотек», «Вяртсиля», «Оннинен» сияқты халықаралық компаниялардың басшылары қатысты.
Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары, сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейту жөніндегі шаралар талқыланды.
Мемлекет басшысы кездесуге қатысушыларға инвестициялық климатты дамыту және инвесторлар үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.
Тәуелсіздік жылдарында Финляндия Қазақстанға 300 миллион доллардан астам қаржы салғанын атап өтті.
Қазақстанда энергетика, телекоммуникация, көлік, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда фин капиталымен 100-ге жуық кәсіпорын тіркелген.


