КОММУНАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕР МЕН ХАЛЫҚҚА 10 МЛН. ТОННА КӨМІР ЖЕТКІЗІЛДІ

КОММУНАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕР МЕН ХАЛЫҚҚА 10 МЛН. ТОННА КӨМІР ЖЕТКІЗІЛДІ

Көмір өндіруші кәсіпорындардың қоймаларындағы қорды есептегенде жыл басынан бері 87,64 млн.тонна көмір тиеліп жөнелтілген. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,78 млн. (85,86 млн.тонн) тоннаға артық.

  • Энергетиктерге 48,04 млн. тоннаға жуық көмір тиеліп жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,8%-ды құрайды (46,26 млн. тонн).
  • Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 9,94 млн. тонна көмір тиеліп жөнелтілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  102,5%-ды құрайды (9,75 млн. тонн).
  • Өнеркәсіп кәсіпорындарына 6,25 млн. тонна көмір тиеліп жөнелтілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100%-ды құрайды (62,57 млн. тонн).
  • Осы кезеңде 23,3 млн. тонна көмір экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99%-ды құрайды (23,6 млн. тонн).

Анықтама: 2017 жылы көмір өндіруші компаниялар 106,7 млн. тонна көмір өндірді. Бұл 2016 жылмен (98,5 млн. тонн) салыстырғанда 8,3% немесе 8,2 млн. тоннаға артық.

Биыл жылу беру маусымына дайындық басталғалы бері ( 1 мамырдан 1 қарашаға дейін) теміржол көлігімен 35,7 млн. тонна көмір тасымалданды. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 млн. тоннаға (на 4,7 %) артық.