ҚАЗАҚСТАН МЕН ЭСТОНИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ЭСТОНИЯ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Эстония Республикасы Солтүстік Еуропадағы Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. 2018 жылдың 8 айында екі ел арасындағы сыртқы сауда айналым 21,8 млн. АҚШ долларын құрады. Бүгінгі таңда Қазақстанда эстондық капиталдың қатысуымен 70 компания жұмыс істейді.

Қазақстан мен Эстония өзара тауар айналымды арттыру мақсатында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті. Сондай-ақ, транзиттік және көлік саласындағы ынтымақтастықты, экологиялық және энергия үнемдеу технологияларын, су үнемдеуді, IT-технологияларды дамытуда ынтымақтастықты арттыру көзделіп отыр. Бұл салалар бойынша Эстония Еуропалық одақта айрықша орын алады.

Бизнес-форумның негізгі мақсаты - жаңа іскер серіктестер табу, Эстонияның бизнес өкілдерін Қазақстандағы инвестициялық климаттан хабардар ету, еліміздегі инвесторларға көрсетілетін жеңілдіктер мен артықшылықтарды жеткізу.

Іс-шара барысында «KazakhInvest» АҚ өкілдері Қазақстанның инвестициялық жобаларын ұсынды, ал өз кезегінде «Enterprise Estonia» инвестициялық агенттігі эстондық жобаларды көрсетті.

Бизнес-форум соңында екіжақты құжаттарға қол қойылды.