
Сапардың басты мақсаты Қазақстан мен Катар мемлекетінің арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту. Инвестициялық форум алаңында екі елдің іскер топтары B2B форматында әңгімелесіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Елшілігінің және Катар Сауда-Өнеркәсіп Палатасының қолдауымен «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ басшылығы Катардың жетекші мемлекеттік компанияларымен және бизнес қауымдастығымен келіссөздер жүргізді.
Катардың «QatarInvestmentAuthority» инвестициялық Қорының атқарушы директоры Мансур Аль-Махмудпен, Катардың «Qatar Petroleum» мемлекеттік мұнай-газ компаниясының басқарма төрағасы Саад Шерид Аль-Каабимен, Құрылыс және девелопмент жөніндегі Инвестицияларды басқару жөніндегі «Qatari Diar» Катар мемлекеттік компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Юсиф Аль-Муслехпен кездесу барысында қазақстандық делегация катарлықтарды Қазақстанның инвестициялық жобаларымен таныстырды.









