ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАРЫ КӨЛЕМІ 42%-ҒА ӨСТІ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАРЫ КӨЛЕМІ 42%-ҒА ӨСТІ

Онда тараптар жолаушылар мен жүк тасымалдары мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және биыл екі ел арасында жүк тасымалдары көлемі ұлғаюының оң динамикасын атап өтті.

2018 жылдың 8 айының қортындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 422%-ға өсті және 1 040,8 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер өсімдік сипаттағы өнімдер, дайын тамақ өнімдері, халық тұтынатын тауарлар, құрылыс тауарлары және т.б.

Келіссөздер барысында 500 үшінші елдерге/елдерден және 30 жолаушылардың тұрақсыз тасымалдарына рұқсат бланкілері көлемінде 2019 жылға квота белгіленді.

Сонымен қатар, тараптар «Бішкек-Ташкент» транзиттік жолаушылар маршрутының қозғалыс кестесін қайта қарауға келісті.

Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.