
Көрме алаңында ТКШ және құрылыс кешені үшін жаңа техникалық және технологиялық өнімдер ұсынатын жетекші кәсіпорындар кездеседі. Биыл қатысушылар бірінші рет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру және Smart City концепциясын («ақылды қала») іске асыру шешімдерін ұсынады. Сондай-ақ, энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу, жылу, су және газбен жабдықтау, лифт шаруашылығы, құрылыс технологиясы және материалдар, жарықтандыру техникасы, электр жабдықтары, «жасыл» технологиялар көрсетіледі.
Экспоненттер – қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдар, олардың көпшілігі отандық өндірушілердің тізіліміне енгізілген. Көрмеге Ресей, Беларусь, Украина, Германия, Түркия, Литва, Польша және Қытай компаниялары қатысады.
Іс-шара аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) ұйымдастырған «Тұрақты қалалар- Smart Cities» атты халықаралық конференция өтеді. Конференцияның басты тақырыбы – қала шаруашылығындағы «жасыл» және smart-технологиялардың қолжетімділігі. Іс-шараға ПИК қауымдастығы, энергетикалық аудиторлық компаниялар, тұрғын үй инспекциясы, коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ пәтерлер мен үй-жайлардың иелері, басқару және сервистік компаниялар, ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысады.
Көрме-форумның ресми ашылуы 15 қараша күні сағат 10:00-де «КӨРМЕ» көрме орталығында өтеді.
Көрме-форумның барлық іс-шараларына, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеуге қатысу туралы ақпаратты www.zhkhexpo.kz, сайтынан, +7 (7172) 542677, +77015205037, +77785040273 телефондары бойынша немесе fairexpo_svz@mail.ruэлектрондық поштасына (Светлана Захарова) жазу арқылы алуға болады.