8 ҚАРАША – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САПА КҮНІ

8 ҚАРАША – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САПА КҮНІ

2018 жылы Дүниежүзілік сапа күні 8 қарашада «Сапа - бұл жетістік!» атты ұранмен атап өтіледі.

Дүниежүзілік сапа күнінің мақсаты жоғары сапалы өнімдер мен қызметтердің маңыздылығын арттыру, сондай-ақ сапа проблемаларына назар аударуға бағытталған қызметті белсендіру болып табылады. Сапа мәселесі әрдайым әлемнің жетекші экономикаларының басты назарында.    

Бүкіл әлем адамның өмір сүру сапасы мен денсаулығын, қоршаған ортаның сапасын, сондай-ақ алда тұрған бәсекелестікке өнім сапасын жақсарту жолын қарастырып және дамытып келеді. Нарықтық экономикадағы бәсекелестік ортаны болуы сапа проблемаларына ерекше назар аударуға мәжбүр етеді. 

Жоғары сапалы талаптар өз нарығын дамыту үшін жағдай жасауда маңызды рөл атқарады, бұл өндірісті халықаралық деңгейге шығаруға ықпал етеді.  

Өнім мен қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығына Мемлекет басшысының өзі үлкен мән береді.  2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында  ол медициналық қызмет көрсетудің, білім берудің және қалалық ортаның сапасына назар аударып, өмір сапасын жақсартуға деген ұмтылысты атап өтті.

Бәсекеге қабілетті экономика мен технологиялық өсудің негізін құрайтын сапа талаптарға және белігілі бір белгіленген стандарттарға сәйкестікті білдіреді.  

Отандық номалаудағы маңызды қадам - Қазақстан халқына жолдау күні Мемлекет басшысы қол қойған «Стандарттау туралы» Заңы.  Стандарттаудың ұлттық жүйесін дамыту талаптарды реттеуге, өнімді масштабтауға, оның тиімділігін арттыруға, компоненттердің өзара алмастырылуына және тұтынушылардың сенімін арттыруға бағытталған.   

Қазіргі уақытта ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті интеграциялық біріктіру (ДСҰ, ЕАЭО) аясында ұлттық сапа инфрақұрылымын жетілдіру бойынша ауқымды жұмысты жүргізеді.

Комитет халықаралық стандарттау саласындағы саясатты қалыптастыруға, сондай-ақ шетелдегі сәйкестікті растау жөніндегі біздің органдардың қызметінің нәтижелерін мойындауда ұлттық мүдделерді насихаттауға белсене қатысады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында да оң өзгерістер байқалады. Мемлекеттік эталондар мен жабдықтар уақытылы жаңарып отырады, қазақстандық өлшем бірлігі халықаралық эталондармен қадағалануда.

Сапаны арттыруға кешенді тәсіл персоналдардың сапасын, технологияның сапасын, басқару сапасын және адам денсаулығы мен дамуынан бастап ұлттық идеяға айналуы керек өмір сапасына деген дұрыс көзқарасты талап етеді.

 

Фото ашық ақпарат көзінен