ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР 20 МЫҢ ТОННА ЕТ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАУҒА КЕЛІСІМШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР 20 МЫҢ ТОННА ЕТ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАУҒА КЕЛІСІМШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Осы көрмені өткізу арқылы Қытай әлемге өз нарығын паш етіп, өзге елдерге тауарларын көрсетуге, сол арқылы сауда-саттық қарым-қатынас орнатуды көздейді.  

Көрме аясында қазақстандық бизнес өкілдерінің жетістіктері бар. Айталық, «Кублей» ЖШС (Қазақстан) мен «Karamay Yuguanfu Foreign Trade Co Ltd»  (Қытай) арасында Қытайға 20 мың тонна сиыр мен қой етін экспорттау бойынша келісімшартқа қол қойылды. Сондай-ақ, 15 мың тонна бал экспорттау үшін қазақстандық «Пасека» шаруа қожалығы мен Қытайдың «Синьцзян Xinhongji International Trading Co» компаниясы екеуара келісімшартқа қол қойды. 

Сонымен қатар, Тұңғыш Қытай халықаралық импорт көрмесі шеңберінде қазақстандық компаниялар сауда бойынша Еуразиялық семинарға қатысты. Семинарда қазақстандық тараптан 10 компания, қытай жағынан 100-ден аса компания өкілдері болды.

Бұл іс-шара аясында Қазақстан Республикасы марал шаруашылығы палатасы мен Қытай ауыл шаруашылығын арнайы зерттеу институтының арасында бұғы мен марал өсіру және оның өнімдерін өндіру бойынша келісімге қол қойылды. 

Марал мүйізінің пайдалы қасиеттері көпшілікке белгілі. Ежелгі Қытай мифологиясында марал жаратқан ие серігі ретінде келтіріледі әрі ежелгі рим дәрігерлерінің еңбектерінде де бар. Кейінірек марал мүйізін қытай медицинасында кеңінен пайдаланатын болған.   

Көрмеге елімізден 302 қазақстандық компания қатысуда. Олар өндіріс, ауыл шаруашылығы, машина жасау, туризм және т.б. саладан келді.

Айта кету керек, 2018 жылдың 1 қаңтарына ақпарат бойынша Қытай мемлекеті мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 10,5 млн. долл. құрады.

Анықтама үшін: Қазақстанның сыртқы сауда палатасы (ССП) 2014 жылғы 29 шілдеде құрылды және Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының еншілес кәсіпорны болып табылады. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасына қойған басты міндеті - қазақстандық бизнестің сыртқы саудадағы мүддесін өсіру.