SCAT ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ АСТАНА - ДУШАНБЕ ЖАҢА БАҒЫТЫН АШАДЫ

SCAT ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ АСТАНА - ДУШАНБЕ ЖАҢА БАҒЫТЫН АШАДЫ

Бұл – екі елдің авиациялық билік органдарының және SCAT әуе компаниясының сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияларының және екіжақты келіссөздер аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мүмкін болды. Жаңа рейстің ашылуы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тату көршілік қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосатын болады.

Астана - Душанбе - Астана бағыты бойынша рейстераптасына екі рет, жұма және жексенбі күндері CRJ-200 типті ұшақпен орындалады. Осы бағыттағы әуе билеттерінің сатылымы басталды. Билеттерді SCAT әуе компаниясының веб-сайтынан немесе әуе билеттерін сату агенттіктерінен сатып алуға болады.

Фото ашық ақпарат көзінен