ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК БАСТАҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚХР-ДА БОЛЫП ҚАЙТТЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК БАСТАҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚХР-ДА БОЛЫП ҚАЙТТЫ

Сапар барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек инвесторлармен ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегі мен қазіргі жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау үшін қытайлық ірі бизнесмендермен 10-нан астам кездесу өткізді.

Бүгінде қытайлық компаниялар жаңартылатын энергия көздері саласындағы қазақстандық жобаларға белсенді инвестиция салуда. Universal Energy компаниясы 400 миллион долларға жуық болатын күн және жел электр станцияларын салу жобаларын жүзеге асырады, биылғы жылы Beijing Jiufang Tianhe New Energy Technology  компаниясы Маңғыстау облысында жел электр станциясы жобасына инвестиция салды. Жобаны 2019 жылы іске қосу күтілуде. Кездесулер барысында Canadian Solar және China Energy Engineering Corporation компаниялар басшылығымен Қазақстандағы күн энергетикасын дамыту жолында одан әрі ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Бірлескен жұмыстың перспективаларын талқылау үшін «Horgos Xingbang Trading Co» компаниясының басшылығы Қарағанды облысындағы электролиттік марганец өндіретін зауыт салу жоспарлары туралы әңгімелеп берді. Зауыттың қуаттылығы жылына 60 мың тонна болады. Қытайлық инвестицияның көлемі $ 50 млн-нан асады, құндылығы жоғары бұл өнім Қазақстан үшін инновациялық жоба болып табылады.

Қытайдың CAMC Engineering Co. компаниясының басшылығымен кездесу барысында Қостанай облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын қайта өңдеу бойынша заманауи кешеннің құрылысын талқылады. Бұл жобаға салынған жалпы инвестиция шамамен 300 миллион АҚШ долларын құрайды.

Аталған кездесулер аясында «ҚАЗАҚ ИНВЕСТ» ҰК »АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев сұхбатқа қатысушылармен Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту мәселелерін талқылады.

Анықтама үшін:

China Machinery Engineering Corporation (CMEC) - 1978 жылы құрылған инженерлік конгломерат. СМЭС-ның қызметі әлемнің 150-ден астам елдері мен өңірлерін халықаралық инженерлік келісімшарттар мен халықаралық саудамен қамтамасыз етеді. Компанияның Қытайда 26 филиалы, сондай-ақ Гонконг және басқа елдерде 13 филиалы мен 26 өкілдігі бар.

«Universal Energy» компаниясы 2015 жылы құрылған. Компания АҚШ, Канада, Жапония, Малайзия, Непал, Лаос, Ресей, Қазақстан, Дубай (БАӘ) сияқты елдерде жұмыс істейтін таза энергия көздерін игеруге және өндіруге мамандандырылған. Гонконг, Моңғолия, Ляонин, Чжэцзян, Цзянсу провинцияларында еншілес компаниялары бар. Компанияның жарғылық капиталы - 100 миллион юань (шамамен 15,87 миллион доллар).

«Beijing Jiufang Tianhe New Energy Technology» компаниясы 2011 жылдың тамыз айында құрылған. Негізгі қызмет түрлері - жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды инвестициялау, құрылыс және техникалық қолдау. Орнатылған қуаттылықтың жалпы көлемі 500 МВт құрайды. Қызметкерлер саны - 500 адам.

Қытайдың Энергетикалық Инжиниринг Корпорациясы China Energy Engineering Corporation Ltd (CEEC) - Бейжіңде штаб-пәтері орналасқан қытайлық мемлекеттік энергетикалық конгломерат. 2011 жылы құрылған. Қытайдың энергетикалық саласы мен әлем үшін интеграцияланған шешімдердің ірі жеткізушілерінің бірі. CEEC Forbes Global 2000 рейтингінде 754 орын, Fortune Global 500 тізімінде 312, активтері $ 52,8 млрд, кірістер $ 34,8 млрд.