2018 ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ 104,7%-ДЫ ҚҰРАДЫ

2018 ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ 104,7%-ДЫ ҚҰРАДЫ

«Кен өндіру секторында темір кенін өндіру көлемі «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамында өндіріс көлемінің артуына байланысты 8,1%-ға өсті. Түсті кендер көлемі 103,8% құрайды. Өңдеу өнеркәсібінде жылдық жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді және бірқатар салаларда өсім байқалуда. Атап айтқанда, машина жасау саласында 14,2%-ға, химия өнеркәсібінде 8,5%-ға, жиһаз өндіруде 3,9%-ға, қағаз 6,4%-ға, резеңке және пластмасс бұйымдары 2,1%-ға өсті», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Көлік кешені бойынша 10 айдың қорытындысында нақты көлем индексі 104,5% құрады. Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 104,1%-ды құрап, жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілді.

«Тұрғын үй құрылысы бойынша 10 айдың қорытындысында 9,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,6%-ды құрады. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдық жоспары 81%-ға орындалды. Жалпы республика бойынша 85 990 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 30 704  - жеке үй бар», - деді құрылыс қарқыны туралы айтқан министр.

Министрдің дерегі бойынша, тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемінің ұлғаюы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 14 өңірінде жалғасуда.

Фото мұрағаттан алынды